Кітапхана

Кітапхананың қызметі мектептің оқу-тәрбие жоспарларына, бағдарламаларға, жобаларға және кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Оқушылар, әкімшілік-педагогикалық қызметкерлер, ата-аналармен күнделікті қарым-қатынаста кітапхана келесі функцияларды орындайды:

• ақпараттық – оның түріне, форматына, тасымалдаушысына қарамастан ақпаратты пайдалану мүмкіндігін береді;

• тәрбиелік – мектеп тұжырымдамасында тұжырымдалған тәрбиелік мақсаттарды қолдайды және қамтамасыз етеді, өз қызметін мектептегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырады;

• мәдени – оқушылардың эмоционалдық дамуына ықпал ететін мәдени-әлеуметтік бірегейлікті қалыптастыратын іс-шараларды ұйымдастырады.


Кітапхананың негізгі міндеттері:

- Оқушыларға, оқытушыларға және оқырмандардың басқа да категорияларына кітапханалық-ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету арқылы оқу-тәрбие үрдісін және өзін-өзі тәрбиелеуді қамтамасыз ету.

- Пайдаланушылардың барлық санаттары үшін олардың ақпаратқа, білімге, идеяларға, мәдени құндылықтарға еркін және қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ететін кешенді кітапханалық-ақпараттық қызметтерді ұйымдастыру.

- Оқырмандардың кітапхананы дербес пайдаланушы ретіндегі дағдыларын қалыптастыру: кітапты және басқа ақпарат құралдарын пайдалануға үйрету, ақпаратты іздеу, іріктеу және сыни бағалау.

- Дәстүрлі және жаңа кітапханалық технологияларды жетілдіру.


Кітапхана қоры туралы мәлімет

    Кітапханамыздың жалпы ауданы 196,42 шаршы метр, 48 орындық. Қойма залы толық кітап сөрелерімен қалтылған 34,99 шаршы метр аумақта орналасқан.Кітапхана қорында 23894 кітап бар. Оның ішінде 23694 оқулық дана. «Мектебіңе Кітап- сыйла» апталық акция аясында жиналған көркем әдебиеттер саны 250 дана. Кітапхананың кітап қоры заманауи білім беру бағдарламасын жоспарлап отыр. Жайлы кітапханамызда сізді кітапханашымыз Нұғманова Мөлдір Нұртазақызы қарсы алады.


Біздің кітапханаға қош келдіңіз!