Жарияланған мерзімі: 01.09.2021

№92 мектеп-лицейінде 1 қыркүйек - Білім күні

2021-2022 оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан ашылған №92 мектеп-лицейінде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын болды. Салтанатты жиынға мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндері, мектеп ұстаздары, ата-аналар және қадірменді қонақтар: қала әкімі А.С.Көлгінов, маслихат хатшысы Е.Е.Каналимов, қала әкімінің орынбасары А.Р.Оралов, Нұр Отан филиалының басшысының бірінші орынбасары С.Садвакасов, білім басқармасының басшысы Ш.Т.Сейсенбай қатысты.

Келген қонақтар 1-сынып оқушыларына "Әліппе" оқулығын табыстап, ақ тілектерін жолдады. Салтанатты жиын ұстаздардың "Кел, балалар, оқылық!" атты тәрбие сағатына ұласты.