Жарияланған мерзімі: 12.06.2023

12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні

12 маусым – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев бір күн бұрын, 11 маусымда қол қойды. «Абай ауданындағы орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялансын», - делінген құжат мәтінінде.