№92 мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Бүкіл әлемдік туризм күніне орай сайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында оқушылар туризмге қатысты ойындардан сайысқа түсіп, бақ сынасты. Сайысты ұйымдастырудағы пән мұғалімдерінің басты мақсаты:
- Оқушылардың туризмге деген қызығушылығын ояту.
- Болашақта туризм мамандығын таңдайтын оқушыларға қазақ туризмін дамыту үшін ой салу. Мектептегі оқушылардың Спорт пен туризмге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өтетін іс-шаралар легі ары қарай да өз жалғасын таппақ.