Мектеп паспортына тоқталсақ:
-Мекен жайы: Астана қ. А351 көшесі
-Қолданысқа берілді: 2021 жылы салынды
-Жалпы ауданы – 2 3451 кв.м.
-Жобалық қуаты – 1200 оқушы орындық.
-Оқушылар контингенті : 2027 оқушы.
-1 сыныпқа 296 (оның ішінде қазақ сыныбына 122; орыс сыныбына 174 оқушы қабылданды)
Жалпы 62 оқу кабинеті бар. Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері: 2 физика кабинеті, 2 химия кабинеті, 2 биология, 4 информатика кабинеті, IT бағытындағы арнайы жабдықталған арнайы кабтнеттер: IT club, Робот техникасы, Stem кабинеті, 4 ағылшын тілі кабинеті, технология ер балалар үшін 2 кабинет, технология қыз балалар үшін 2 кабинет бар. Сонымен қатар мектепте 1 спорт залы, және мәжіліс залы, кітапхана бар. Гончарлық үйірмесіне арналған 1 оқу кабинеті бар. Алғашқы әскери дайындық пәніне арналған 1 оқу кабинеті бар. Мектеп асханасы 400 орындық. Мәжіліс залы – 260 орындық.
Барлығы 123 мұғалім, оның ішінде:
Жоғары білімді-120
Арнаулы орта білімді – 3
Педагог-шебер – 2
Педагог-зерттеуші – 22
Педагог-сарапшы – 21
Педагог-модератор – 12
Жоғары санатты – 4
Бірінші санатты – 5
Екінші санатты – 3
Санаты жоқ – 53
1-4 сынып оқушылары және 33 аз қамтылған отбасы балалары ыстық тамақпен қамтылған.
Мектепте қажетті құрал-жабдықтармен (шаңғыдан басқа) қамтылған 1 спорт зал бар. Мектеп ауласында волейбол, баскетбол, футбол және жүгіру жолдары қарастырылған. Сонымен қоса бастауыш сыныптарға арналған тренажерлық жаттығуларға арналған мафтар, беседкалар орналастырылған. Арт-спорт бағдарламасы арқылы мектебіміздің оқушыларына тегін қызмет көрсетіледі. Волейболдан 5 топ, футболдан 4 топ жұмыс жасайды.
Оқушының мәдениетін қалыптастыру бағытында ұлттық құндылықтарын дамытуды басымдыққа алынған жағдайда мынадай жетістікке жетудің критерийлері орындалуда: бала кітап оқиды, рухани байиды; балалар мен жастардың функционалдық сауаттылығы артады; оқушылардың өзара қарым-қатынасы күшейеді; “МЕКТЕП пен АТА- АНА” байланысы күшейеді.
Оқушылардың моторикасын дамыту арқылы ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында Сазбалшық шеберханасы ашылды. 5-6 сынып оқушыларына қосымша білім беру бойынша “Сазбалшық ремесло” таңдау пәні оқытылуда. Бұл шеберханаға ерекше қажеттілікті талап ететін оқушылар да қызығушылық танытып отыр.
Химия, физика, биология, математика пәндерді информатика пәнімен интеграциялау мақсатында STEM (MAKERSPACE) кабинеті жаңа соңғы модификациялық материалдық–техникалық базамен қамтылды. Яғни біріктіру шеңберінде академиялық – ғылыми – техникалық тұжырымдарды шынайы өмірде зерттей отырып, осы салалалардағы сауаттылықтарын бір мезгілде дамытады.
РОБОТОТЕХНИКА кабинеті жабдықталды. Мұнда балалар арнайы құралдар мен бағдарламалар арқылы роботтарды зерттейді және жасаумен шұғылданады.
ІТ инженерия бағытында ІТ CLUB кабинеті жаңа технологиялармен жабдықталды. Мұнда оқушылар информатика сабағында бағдарламалар құру арқылы бағдарламалаудың жаңа моделдерін үйреніп, ЗD моделдеу, сәулет, дизайн, анимация, бағдарламалау және веб-сайтты құру жұмыстарын үйренеді және жасайды.
Мектепте ерекше қажеттілікті талап ететін 13 оқушы инклюзивті білім алуда. Ол оқушылардың әлеуметтік ортаға қалыптасуына жағдайды жақсарту үшін БОЛАШАҚ ҚОРЫ-мен келісімшартқа отырып, мұғалімдерге оқу-әдістемелік қолдау жасап, психологиялық қолдау кабинетін жабдықтандырды. Онда арнайы психолог, дефектолог, логопед мамандардың жұмыс жасауына жағдай жасалған.
Мектептің білім сапасын көтеру үшін озық тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу, кері байланыс қалыптастыру бағытында мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруды басымдыққа алу қажет: Lesson study зерттеу сабақтарының жоспарын бірлесіп құрауды, сабақтың әр-түрлі формалары мен оқытудың әдіс-тәсілдерімен бөлісуді;
-Қалалық вебинарлар, семинарлар,ға белсенді қатысады;
-Кері байланыс арқылы ұсынымдар алады;
-Рефлексті дағдылары қалыптасады;
-Оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланады;
-Көшбасшылық қабілет артады.
Сонымен қатар проблемалық сұрақтарды да шешу қажет:
-Спорт залдың жетіспеушілігі
(бастауыш сыныптарға арналған жеке спорт залдың жоқтығы)
-Орыс тілінде оқытылатын сыныптарға мұғалімдердің тапшылығы
(бастауыш, математика, физика, химия, тарих, география, информатика т.б.)
-11 қазақ сыныбынан орыс сыныбына ауысуының көбею тенденциясы
(заңнамалық талаптарға өзгеріс енгізу қажеттігі).