Жарияланған мерзімі: 15.09.2022

Қазақстан халқының тілдері мерекесі

Тілдер апталығы барысында тілдің адамзаттың қарым-қатынасы үшін маңыздылығы ұлықталып, түрлі іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндер бірлестігі бірлесіп ашық сабақтар, интеллектуалдық ойындар, дебаттар ұйымдастырды. Тілдер апталығы 15 қыркүйек күні қорытындыланып белсенділігін танытқан оқушылар құнды заттармен марапатталды.