«Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 15.09.2021 жылғы №514 бұйрығы негізінде 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары оқушыларының театрларға баруы туралы 2020-2025 жылдарға арналған «Балалар және театр» ағартушылық жобасын жүзеге асыру» Қазақстан Республикасы білім және ғылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасының 36-тармағын орындау үшін, оқушылардың жалпымәдениеттік деңгейін арттыру және Нұр-Сұлтан қаласының балалар мен жасөспірімдердің театрлық көрермендік аудиториясын кеңейту мақсатында 14 қазан күні №92 мектеп-лицейінің 7-сынып білім алушылары арасынан 30 оқушы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық қазақ музыкалық драма театрына барып, С.Тұрғынбекұлының "Шәмші"-қойылымын тамашалады.
Нәтижесінде оқушылар театр қабырғасында естелік суретке түсіп, жақсы әсер алып қайтты.