Бүгін мектепте оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара өтті.
2022-2023 оқу жылын 253 үздік оқушымен аяқтап отыр.
Педагогикалық идеялар конкурсынан екі мұғаліміміз 2,3-орын иеленсе, қазақ тілі мұғалімі қалалық «Үздік пән мұғалімі»-2023 байқауынан 3-орын, Халықаралық мұғалімдер арасындағы олимпиададан математика пәні мұғалімі Исатай Ақылбай 3-ОРЫН алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі бойынша 32 оқушымыз жүлдегер атанып, қалалық кезеңге өткен 19 оқушымыз өтіп, 11 оқушымыз жүлделі орындарды қанжығалады.
Менің кішкентай Отаным республикалық интеллектуалдық конкурсынан Шакирова Диана оқушымыз бас жүлдеге ие болды, жетекшісі Кабылтаева Самал Казизовна, 2-7 сынып оқушыларының арасында өтетін ұлттық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының республикалық кезеңінен Оразалы Азалия бас жүлдені иеленді, жетекшісі Жодасбекова Оразкул Абсеметовна.
«Зерде» ғылыми жоба сайысының қалалық кезеңі бойынша 1,2,3-орын, VIII Республикалық «Ақберен» сайысынан Бас жүлде, І қалалық «Сәкен оқулары» жарысынан 3-орын, Республикалық балалар оқуы сайысынан 3-орын, «Есенберлин тағылымы» ІІ қалалық оқуларынан 2-орын, «Құтты білік» қалалық оқуларынан 3-орын, Республикалық Мағжан Жұмабаев оқуларынан 2,3-орын, ІІ қалалық «Әдебиет әліппесі» қалалық оқуларынан 3-орын, ІІ қалалық «Мәуелі мұра» оқуларынан 3-орын, «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінен 2-орын, Нұрорда юниор олимпиадасынан үш оқушымыз 2,3-орындарды иеленсе, XV «Шаттық»-2023 қалалық байқауынан бір оқушымыз алтын медаль иегері және алты номинация бойынша диплом иегерлері атанды.
Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
"№ 92 мектеп-лицейі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны