Жарияланған мерзімі: 04.03.2022

Орыс тілі мен әдебиетінің апталығы

2022 жылдың 24 ақпанынан 2 наурызына дейін орыс тілі мен әдебиетін оқуға деген қызығушылықты арттыру, танымдық белсенділікті қалыптастыру және білім көкжиегін кеңейту мақсатында пәндік апта өткізілді. Барлық іс-шараларға балалар белсенді қатысты. "Ұлы ақындардың үндестігі" атты поэтикалық кеште оқушылар Абай мен Пушкиннің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал "Мақал- бекер айтылмайды" байқауына кіші және орта буын оқушылары арасында халық ауыз әдебиетінің білгірі боламын деген оқушылар бақ сынасты. Жоғары сынып оқушылары А.П. Чеховтың "Қалың және жұқа"шығармасы бойынша қойылым ұйымдастырды. "Күміс ғасыр поэзиясы" әдеби-музыкалық композициясы аясында оқушылар өлеңдер оқып, ақындар туралы айтып, бейнероликтер көрсетті. Апта соңында қатысушылар дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.