Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтой қарсаңында ашылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№92 мектеп-лицейінде» алғашқы мектеп түлектеріне соңғы қоңырау соғылды.
Салтанатты жиынды жүргізушілер оқу жылының Республикалық референдум болатын күнінің қарсаңында өтіп жатқанын атап, әр азаматтың дауыс қосуының маңызды екенін айтты.
Соңғы қоңырау салтанатты жиынына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті басшысының орынбасары Кукамбаева Джанат Кереевна, «Астана Дарыны» орталығының директорының орынбасары Буралкиева Гульбақыт Мукашевна қатысты.
Түлектерді құттықтау сөзі Д.К. Кукамбаеваға берілді. Өзінің құттықтау сөзінде Білім және ғылым министрлігінің атынан түлектерге, мұғалімдерге және ата-аналарға қойған мақсаттарына жетуге тілек білдірді, балаларға емтиханда және ұлттық біріңғай тест өтуде сәттілік тіледі. Білім және ғылым саласында болып жатқан өзгерістерге тоқталып өтті.
№ 92 мектеп-лицейінің алғашқы түлектерін құттықтауды мектеп директоры Жолдасбекова Оразкүл Әбсеметовна жалғастырды. Мектеп директоры 2021-2022 оқу жылын 1283 оқушымен бастап 1407 оқушымен аяқталғанын, бір оқу жылы болсада ұстаздардың түлектерге бауыр басып қалғанын айтып, оң сапар тіледі. Өзінің сөзінде мектеп ұжымы үшін алғашқы оқу жылы толағай табыстар мен жетістіктерге толы болғанын атап өтті:
• Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі бойынша 3 оқушы жүлдегер атанып, қалалық кезеңге өткен екі оқушы;
• 2-орынға ие болып, Корикова Назлы атты оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды;
• ProEco республикалық жобасының қалалық кезеңінен 1 орын, Республикалық Мағжан Жұмабаев оқуларынан 1-орын, «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңінен 2-орын алған оқушы республикалық кезеңіне дайындалу үстінде;
• Нұрорда юниор олимпиадасынан төрт оқушы 1,2,3-орындарды иеленсе, XV «Шаттық» қалалық байқауынан бір оқушы алтын медаль иегері және алты номинация бойынша диплом иегерлері атанды.
Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау, мектеп-лицейді бітірушілерге соңғы рет соғылды.
Жиналған қауым түлектердің мектеп вальсін, әндерін тамашалады.
В «Школе-лицее №92» акимата города Нур-Султан, открывшемся в преддверии 30-летия Независимости Республики Казахстан, прозвенел последний звонок для первых выпускников.
Ведущие торжественной линейки отметили, что учебный год проходит в преддверии Дня республиканского референдума, отметив важность голосования каждого гражданина.
В торжественной линейке приняли участие заместитель руководителя Департамента стратегического планирования и координации Министерства образования и науки Республики Казахстан Кукамбаева Джанат Кереевна, заместитель директора Центра «Астана Дарыны» Буралкиева Гульбакыт Мукашевна.
С приветственным словом к выпускникам обратилась Д. К. Кукамбаева. В своем приветственном слове от имени Министерства образования и науки РК выразила пожелания выпускникам, учителям и родителям в достижении поставленных целей, пожелала ребятам удачи на экзамене и в Едином национальном тестировании. Представитель министерства обратила внимание на изменения происходящие в сфере образования и науки Республики.
Поздравление первых выпускников школы-лицея № 92 продолжила директор школы Жолдасбекова Оразкуль Абсеметовна. Директор школы отметила, что 2021-2022 учебный год закончили 1407 учащихся. Она пожелала выпускникам удачи в жизни, отметив, что в течение одного учебного года, учителя привязались к ним сердцем. В своем выступлении она отметила, что первый учебный год для коллектива школы был наполнен успехами и достижениями:
• По II районному этапу республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам 3 учащихся стали призерами и двое учащихся, прошли в городской этап;
• Заняв 2 место, ученица Корикова Назлы получила путевку на республиканскую олимпиаду;
• 1 место на городском этапе республиканского проекта ProEco, 1 место на республиканских чтениях Магжана Жумабаева, занявший 2 место на городском этапе олимпиады «Алтын Сака", готовится к республиканскому этапу;
• В Нурорде четыре ученика заняли 1,2,3 места в юниорской олимпиаде, в XV городском конкурсе "Шаттык" один ученик стал обладателем золотой медали и диплома в шести номинациях.
Первый звонок, который прозвучал в школе вчера, сегодня прозвучал последний раз для выпускников школы-лицея №92.
Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
"№ 92 мектеп-лицейі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны