Жарияланған мерзімі: 03.05.2022

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясы өтті

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін айтылған Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарттарын тағы бір атап өтті. Өз сөздерінде ел басшысы заң, әділдік пен тәртіп салтанат құрған кезде ғана азаматтарымыздың да әл-ауқаты өрлей түсетінін айтты.

Президент: «Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз! Сөз соңында сіздерді алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтаймын», - деп сөзін түйіндеді.

"Ерім дейтін ел болмаса, елім деген ер қайдан болсын?"-деген екен бір сөзінде Ахмет бабамыз. Мемлекет басшысының бастауларын іске асыруда әрбір ел азаматының иығына артылар жүк бар екенін ұмытпауымыз керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, жарқын болашақ жолында ұлтқа, нәсілге, руға бөлінбей, бір тудың астына жиналып, бір мақсат-мүддені көздер болсақ бағындырар белестеріміз де оңай алынады.