Жарияланған мерзімі: 20.09.2021

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл

20 қыркүйек күні №92 мектеп-лицейінде қазақтың біртуар ақыны, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдығына орай 9"а", "б", "в"-сыныптарында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының қазақ қоғамына сіңірген еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі ету, ақынның шығармашылығын дәріптеу. Тәрбие сағаты барысында 9"а", "б", "в"-сыныптары Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.