Қамқоршылық кеңесі туралы хабарлама Нұр-Сұлтан қаласы №92 мектеп-лицейі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде құрылған Қамқоршылық кеңесі құрамына кіру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес - «№92 мектеп-лицейінің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі. Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде shkola_licei_92@inbox.ru поштасына қабылданады. Байланыс тел: 87078558271