9 қазан күні №92 мектеп-лицейінде отбасылық "Әке, шеше және мен" спорттық сайысы өтті. Спорттық сайысты "Жас ұлан" өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырды. Спорттық сайыстың мақсаты:
1) Мектеппен ата-аналар арасындағы ынтымақты нығайту
2) Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
3) «Денсаулық» ұғымының құндылығын насихаттау;
4) Ата-ана мен оқушылар арасында достық пен ынтымақ, бірлік ұғымын үлгі ету;
5) Отбасылар арасында спорттық ойындарды ұйымдастыра отырып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Спорттық сайысқа 3"а" -сыныбынан "Барыс - 1",3"Б" -сыныбынан , " Жас талап", 3"В" -сыныбынан "Барс-2", 3"Ғ" -сыныбынан "Адреналин" , 3 "Г" сыныбынан "Молния"топтары қатысты. Топтар "Кім жылдам", "Ептілер", "Кенгуру", "Хоккей", "Баскетбол", "Арқан тартыс" сынды 6 кезең бойынша бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша I орынды "Барс-2" , II орынды " Жас талап", III орынды "Барыс - 1" иеленді. Барлық топтар алғыс хаттарымен марапатталып, сайыс соңында сайысқа қатысушылар естелік суретке түсті.