№92 мектеп-лицейінде 6 қазан күні онлайн түрде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп директоры Жолдасбекова Оразкүл Абсеметовна мен мектеп әкімшілігі ұйымдастырды. Жиналыс барысында мектеп миссиясы және ішкі тәртібі таныстырылды. Асхана, қосымша ақылы білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер төңірегінде бірқатар өзекті мәселелер қозғалып, ата-аналар өздерінің көкейкесті сұрақтарына жауап алды.
Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
"№ 92 мектеп-лицейі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны