Би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би өнерінің сабақтары сапалы болуы үшін дидактиканың негізгі принциптеріне бағыну керек, бұлар саналы-эмоциялы тұжырымдамалық және сарамандық, бірізділік, көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу. Эмоциялық және логикалық ықпал ету – сабақ жүргізудің дайындық қойылым жұмыстарының негізгі алғы шарттары болып табылады. Қимылды жаттап алу – ырықсыз рефлекстен сезіну мен түсінісу кезеңін өткен кезде осындайдан бұлшық еттің сезінуі арқылы меңгеріледі. Осындай жолмен жатталған қимыл әрекет естерінде ұзақ сақталады. Көрнекілік – бұл негізгі оқыту және би өнерінің қозғалыстарын жетілдіру, биге үйрету сабақтары негізінде белсенді ықпал жасайтын көрермендер. Бұлшық ет-есту анализаторлары түсіндіру қайталап көрсетулерді- би өнері сабақтарының педагогикалық процессін негізгі әдісі деп есептеуге болады.
Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
"№ 92 мектеп-лицейі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны