11 қазан күні №92 мектеп-лицейінде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты:
Ұлт ұстазының жасаған еңбегін өскелең ұрпақ үлгі ету, оқушылардың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Нәтижесінде оқушылар сынып сағатынан тың мәліметтер алып, Ыбырай Алтынсарин туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.