Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
"№ 92 мектеп-лицейі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
№92 мектеп-лицейінің тәрбие жұмысының тақырыбы:
«Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, заманауи бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу»
Мақсаты: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу
Міндеттері:
1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3.Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлауына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
7.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Мектеп-лицейіндегі тәрбие жұмыстары 8 бағытқа негізделген:
1)Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыру; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайындығы.
2)Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыру.
3)Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бағдарлауына жол салу, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетіне құрмет көрсету.
4) Отбасылық тәрбие
Мақсаты: Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналармен ағарту жұмысын ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейту, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыру.
5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
7)Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8) Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру.