Мектеп-лицей информатика мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануды белсенді зерттей отырып, оқушылардың жеке шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту мақсатында жұмыстар жүргізеді. Мектептің сыйымдылығы 1200 орындық, қазіргі таңда мектепте 2067 оқушы білім алуда. №92 мектеп-лицейі ІІ ауысымда жұмыс жасайды.